Танымал волейболшы, спортшы Сабина Алтынбекова желідегі парақшасында өзін "Орда" сайты "ажырасқан" деген сөзбен бірнеше материал шығарғанын айтып, ашуға булықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол өз талаптарын орындамаған жағдайда редакцияны сотқа беретінін айтты.
"Orda" парақшасында мен туралы ақпарат жарияланып, онда менің отбасылық жағдайым «ажырасқан» деп бірнеше рет ерекше атап көрсетілген.
Мен жеке өміріме қатысты мәліметтердің таратылуына келісім берген жоқпын. Мұндай ақпаратты ұсыну қорлайтын сипатқа ие және Қазақстан Республикасының заңнамасымен, соның ішінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен кепілдендірілген ар-намысым, қадір-қасиетім және жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқықтарымды бұзады.
Осыған байланысты ТАЛАП ЕТЕМІН:
Материалдардан жеке өміріме қатысты мәліметтерді алып тастап, жарияланымды жою немесе редакциялау.
7 күн ішінде ресми кешірім (немесе теріске шығару) жариялау.
Талаптардың орындалғаны туралы маған жазбаша түрде хабарлау.
Белгіленген мерзімде талаптарым орындалмаған жағдайда, өз құқықтарымды қорғау және моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр боламын.
Бір сөзді қалайша таңбаға айналдыруға тырысатынын бақылау қызық.
«Ажырасқан».
Спортшы емес.
Әйел емес.Бір сөзді қалайша таңбаға айналдыруға тырысатынын бақылау қызық.
«Ажырасқан».
Спортшы емес.
Әйел емес.
Тұлға емес.
Дәл сол — «ажырасқан».Бірақ ажырасу — таңба емес.
Бұл — өмірдің бір кезеңі.Мен — әйелмін.
Мен — анамын.
Мен — кәсіби маманмын.
Ал менің мәртебем менің құндылығымды айқындамайды.Қазақстан әйелдері өзгенің сценарийімен өмір сүруге міндетті емес.
Біз өз өмірімізді таңдауға құқылымыз. Таңбасыз, қысымсыз, менсінбеусіз!@ordakazakhstan Сіздердің әрекеттеріңізді күтемін!", - деп жазды Алтынбекова.
Желі қолданушылары спортшыны қолдап, аталған сайтқа реніштерін білдіруде.