Қоғам

Рыбакина АҚШ-тағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады

Рыбакина АҚШ-тағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалда әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенконы жеңіп, АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2026) чемпионы атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Нью-Йорктегі турнирдегі бұл жеңісі үшін Рыбакина 5,5 миллион доллар сыйақы алады.

Бұдан бөлек, оның еншісіне 2000 WTA рейтингтік ұпайы қосылды.

Осы US Open бәсекесі барысында қазақстандық спортшы Тея Фродин, Джессика Бусас Манейро, Юлия Стародубцева, Наоми Осака, Чжэн Циньвэнь және Кори Гауффты кезең-кезеңімен ұтты.

Айта кету керек, осы жылға дейін ол US Open турнирінде 1/8 финалдан әрі өте алмаған еді.

US Open-дегі бұл жеңіс Рыбакинаға тағы бір тарихи жетістік сыйлады. Дүйсенбіде ол ресми түрде Арина Соболенконы басып озып, мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастайды.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген Қазақстанның тұңғыш өкілі болады. Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіні құттықтап, Елена Рыбакинаға чемпиондық рухты сақтап, жаңа белестерге сенімді түрде ұмтыла беруді тіледі.

Барлық жаңалық