Жаңалықтар

Руслан Өскенәлі өндірістік үдерістер мен қауіпсіздік деңгейін бағалады

Руслан Өскенәлі өндірістік үдерістер мен қауіпсіздік деңгейін бағалады

Жұмыс сапары барысында компания басшылығы өндірістік үдерістердің қазіргі жағдайын жан-жақты бағалауға назар аударды. Атап айтқанда, жұмысшылардың еңбек жағдайы, кен өндіру және байыту кезінде қолданылатын технологиялық шешімдер, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейі мен жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуі қарастырылды деп хабарлады ozgeris.info сайты.

Басқарма төрағасы кеніштің персоналға арналған инфрақұрылымымен танысып, еңбек жағдайын бағалады және жер асты өндірісіндегі жұмыстардың барысын өз көзімен көрді.

Сапар барысында жерасты жұмыстарының қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер ететін негізгі бағыттарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жөндеу учаскелерінің жұмысы, тау-кен техникасының пайдалану тәртібі, сондай-ақ бұрғылау және қазу технологиялары қарастырылды.

Байыту фабрикасында кен өңдеудің толық технологиялық тізбегі зерделеніп, өндірістік процестерді басқару және мониторинг жүйесінің жұмысы бағаланды. Бұл жүйе өндіріс барысында туындайтын ауытқуларды жедел анықтап, технологиялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай тәсіл өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, адами фактордың ықпалын төмендетеді.

Жұмысшылармен өткен әңгіме барысында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі талқыланды. Сондай-ақ кеніш пен байыту фабрикасының жабдықтарының техникалық, физикалық және моральдық жағдайын тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығы атап өтілді.

Барлық жаңалық