Жаңалықтар

Рудныйда екі жасөспірім адам шошытарлық қылмыс жасады

Рудныйда екі жасөспірім адам шошытарлық қылмыс жасады

Қостанай облысының Рудный қаласында 20 жастағы жігіттің өліміне қатысты екі жасөспірім күдікке ілінді. Бұл туралы Ozgeris.info ақпарат порталы “Наша Газета” басылымына сілтеме жасап хабарлады.

 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, полиция жасы шамамен 17 және 18-дегі екі күдіктіні іздестіріп жатыр. Олар аталған қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен құқық қорғау органдарының назарына ілінген.

 

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда оқиғаға қатысты бірқатар жайттар көрініс тапқан. Видеода жас жігіттердің бірі подъездегі «ақылды» домофон алдында біраз уақыт тұрып, пәтерге қоңырау шалғаны байқалады. Кейін камераға екі күдіктінің подъезден жүгіріп шығып бара жатқан сәті түскен. Ал арада біраз уақыт өткен соң, сол үйдің маңында жедел жәрдем көлігінің тұрғаны көрінеді.

 

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалған.

 

«Күдікті тұлғалар анықталды. Оларды ұстау мақсатында Қазақстан аумағындағы полиция бөлімшелеріне бағдар берілді, тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген ресми хабарламада.

 

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Барлық жаңалық