«Аль-Наср» клубының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа образын көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жарияланған суреттен португалиялық футболшының шашын қызыл-сары түске бояғанын байқауға болады. Осылайша Роналду маусым басталар алдында сырт келбетін жаңартқан.
15 тамызда «Аль-Наср» Сауд Арабиясы Про-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчын «Аль-Фатехке» қарсы өткізеді. Өткен маусымда Эр-Рияд клубы ел чемпионы атанған болатын.
Роналду өткен маусымда «Аль-Наср» мен Португалия құрамасы сапында барлық турнирді қоса есептегенде 42 ойын өткізіп, 36 гол соққан.
Португалиялық жұлдыздың «Аль-Насрмен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Transfermarkt мәліметінше, қазіргі таңда Криштиану Роналдудың трансферлік құны 10 миллион еуроға бағаланып отыр.