Блогер Әсел Ерімбетова мен оның жұбайы Мерей Уразбеков жақында дүниеге келген ұлына ерекше ат қойды. Олар сәбиге әйгілі футболшының есімін берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кейінірек жұбайлар неліктен ұлдарына ерекше есім бергенін түсіндірді.
"Біреу батырдың, біреу атасының атын қояды, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, шекарасы тар болмасын деп қойдық.
"Қазақша ат табылмады ма?" дейтіндерге айтарым: Қазақтың рухы – атында емес, тәрбиесінде. Ал мен ұлымды нағыз қазақ қылып өсіремін, уайымдамаңыздар. Ең бастысы, бұл атты оған анасы мен әкесі сүйіп қойды. Қалғаны – жай фон", - деді Әсел Ерімбетова.
Ал желі қолданушылары ерекше есімге таңғалып, құтты болсын айтып, әлемге әйгілі мықты спортшы болуын тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.