Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, көлік тізгінінде 18 жастағы жүргізуші болған, деп жазады Ozgeris.info.
– Алдын ала анықталғандай, жүргізуші Есіл ауданындағы Аманжол Бөлекпаев көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, көкөніс дүңгіршегіне соғылған, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жастағы бойжеткен жарақаттанды. Ол медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.