Жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

 Тараз қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U15 және U23 Қазақстан чемпионаты жалғасын табуда, деп хабарлайды  ozgeris.info.

Бүгін, 23 жасқа дейінгі ерлер арасында еркін күрестен 125 кг салмақта жеңімпаздар анықталды.

Әлем чемпионы және Азия чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл жолғы ел чемпионатында жаңа салмақта бақ сынады.

Қорытындысында, Ризабек ақтық сында Әлімжан Сәлімжанды мерзімінен бұрын жеңіп, 125 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды.

Барлық жаңалық