Жаңалықтар

Резонанс үшін адам жалдаған ба: Санжар Боқаевқа қатысты жаңа сот шешімі шықты

Резонанс үшін адам жалдаған ба: Санжар Боқаевқа қатысты жаңа сот шешімі шықты

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты белсенді әрі саясаттанушы Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін тағы да ұзартты. Бүгін 12 маусымда қабылданған бұл шешім туралы қорғаушы Радмир Өтепов хабарлады. Енді ол 18 шілдеге дейін абақтыда отырады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Құқық қорғаушылар оны биыл наурыз айында ұстаған еді. Сол кезде сот үкімімен саясаттанушы екі айға тергеу изоляторына жабылған болатын.

Тергеушілердің пайымдауынша Боқаев аса ірі мөлшерде қаражат жымқырған және ел арасында жалған ақпарат таратқан. Бұған қоса оған Алматыдағы Баума тоғайында ағаштарды заңсыз кесу ісін тікелей ұйымдастырды деген қатаң айып тағылып отыр.

Бас прокуратура бұған дейін істің мән-жайын ашып түсіндірген. Күдікті табысы төмен адамдарды арнайы жалдап олардың еңбегіне ақы төлеп отырған. Осы жалдамалы топ тоғайдағы ағаштарды отап құрылыс нысандарынан түрлі мүлік ұрлаған. Кейіннен бұл заңсыз әрекеттер қоғамда үлкен шу шығару мақсатында әлеуметтік желілерге бейнежазба ретінде жүктелген.

Барлық жаңалық