Белгілі қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қазіргі уақытта Ресей аумағындағы 900-ге жуық McDonald’s мейрамханасының 104-і өзіне тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Кәсіпкердің сөзінше, биыл тағы 16 жаңа мейрамхана ашу жоспарда бар.
Боранбаев Қазақстанда алғашқы McDonald’s мейрамханасын ашуға 16 жыл кеткенін де еске алды. Сол мақсатта ол 9 ай бойы арнайы оқытудан өтіп, жүздеген сағат дәріс тыңдаған.
«Компанияның барлық ережесін, стандарттары мен стратегиясын толық меңгеру қажет болды. Тіпті бірнеше апта бойы мейрамханада жұмыс істеп, еден жудым, тағам дайындадым, кассада тұрдым», – дейді кәсіпкер.
Бұл тәжірибе Қайрат Боранбаевтың бизнеске деген табандылығы мен еңбекқорлығын айқын көрсетеді.