Қоғам

Рэпер Navai екі айға қамауға алынды

Рэпер Navai екі айға қамауға алынды

Музыкантқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Кеше Қазақстанға кіреберісте Mercedes автокөлігін тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылған. Көлік тізгінінде Navai болған.

Жауап алу кезінде рэпер есірткіні Бішкектен сатып алғанын мойындаған. Осыған байланысты оған қатысты контрабанда бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, көршілес Қырғызстанда рэпердің есірткімен шекарадан қалай өткені тексеріліп жатыр.

«Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады Қырғызстанның Шекара қызметі.

 
 
Барлық жаңалық