Орталық референдум комиссиясы референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
— Референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 192 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады, — деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.