Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адам Қадыров үйленді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Үйлену тойы 28 маусым күні Қадыровтар отбасының ата-бабалар мекені Ахмат-Юрт ауылында өтті. Келін — Мемлекеттік дума депутаты Адам Делимхановтың немересі Медни.
Той кезінде ауылда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолдар жабылды. Адам Қадыровтың үйленгенін Рамзан Қадыров өзі растап, ұлы Ресей президенті Владимир Путиннен некеге тұрар алдында құттықтау алғанын айтты.
Сарапшылар Адам Қадыровтың қолында құны 27,7 миллион доллар болатын Jacob & Co. Billionaire ASHOKA сағаты болғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Ресей заңына сай неке жасы 18 болса да, ерекше жағдайда 16 жастан бастап рұқсат берілуі мүмкін.