Танымал әнші Ерке Есмахан сәбиіне домбырамен ән шырқап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өнер иесі «Ару ана» әнін шырқап ұйықтатты.
"Ұйықтайтын баланы көріп тұрғаным жоқ", - деп жазды ол.
Әншінің бұл сәті көпшіліктің жүрегін жаулап алды.
Халық Ерке Есмаханның қазақи тәрбиені балаға кішкентай кезінен бойына сіңіруіне тәнті болуда.
Домбыра үні мен ана махаббаты біріккен бұл сәт көрермендерге жылы сезім сыйлады.
"Дауысы керемет екен", "Райм осы қазақилығына ғашық болған ғой", "Дауысына сөз жоқ екен", "Қандай қоңыр дауысы бар", "Дауысы өте әдемі екен", деп жазды оқырмандар.