Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде өзіне айтылған хейтке жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Гүлайым Рахмонова енесімен арада болған дау туралы сөз қозғады.
"Тикток парақшасында осындай өсекші біреу пайда болыпты. Оқып шықтым жалпы…әркім өз ойынан хабар береді ғой не болса да. Жарайды, енді мен жаман келін болған екенмін ал екінші қайын ағамның бірінші әйелі не үшін ажырасып кетті??? (ол туралы айтсам ауыр болады естіген адамға). Жақсы жерден келін кетпейді-ау… Мен Алматыға көшіп келгеннен бері жаманмын себептері көп негізі соның бірі Америкада жаттығып жүрген азаматқа мамасы телефон соғып: әйелің қызымның носкиін қолымен жумады деп айтқан. (мен жумаймын өзі жусын немесе кір жуатын машина тұр дегенмін) Мына фотода Шавкатты ағаларының балаларымен салыпты. (политика) Өзінің де шүкір балалары бар ғой. Отырып әркімге жауап жазып отырғанына қарағанда қайын ағамның жанашыры-ау. Өздерің білесіңдер. Көп сөз-боқ сөз, кімді өсектесең соның күнін өзің кешесің… Арнайы: Ақиқат медиа парақшасы үшін", деді ол.