Шоу-бизнес

"Қызымнан сол үшін кешірім сұраймын": Медеу Арынбаев өмірлік өкінішін есіне алды (ВИДЕО)

"Қызымнан сол үшін кешірім сұраймын": Медеу Арынбаев өмірлік өкінішін есіне алды (ВИДЕО)

Әнші Медеу Арынбаев KeshRec бағдарламасына берген сұхбатында өзінің өкінішін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі өзінің жастық шағын есіне алып, алғаш қызды болғанын естігенде аса қуанбағанын айтты. 

"Жанымдағылармен сыр тарқасып отырғанда телефоныма қоңырау келді. Тқтқаның арғы жағынан біреу: Медеу Арынбаевсыз ба? Сізді құттықтаймын, қызды болдыңыз, деді. Әне-міне екінші ұлдың әкесі боламын деп отырған мен жарайды деп қалдым. Соны кешіре алмаймын. Неге олай дегенімді білмеймін, балалық шығар. Әлі күнге дейін қызымның бетінен сүйген сайын іштей кешірім сұрап қоятыным бар", - деді әнші. 

Барлық жаңалық