Жаңалықтар

Қызымен сүйісіп тілінен айырылған жігіт туралы тың деректер тарады

Қызымен сүйісіп тілінен айырылған жігіт туралы тың деректер тарады

Бұл оқиға қырғыз қоғамында үлкен резонанс тудырып, бастапқыда көптеген басылымдар оны екі жас арасындағы романтикалық жағдай ретінде сипаттаған еді. Алайда журналист Бекболат Қаржан Facebook-тегі жазбасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Журналистің айтуынша, оқиға таныстарының тойында орын алған. Той барысында масайып қалған жігіт өзімен романтикалық байланысы жоқ, жай ғана таныс 18 жастағы қызға бірнеше рет тиісе берген, құшақтап, зорлықпен сүймек болған. Оның бұл әдепсіз әрекеті қыздың ашуын тудырып, ол өзін қорғау мақсатында жігіттің тілін және ернінің бір бөлігін тістеп жұлып алған.

 

Бекболат Қаржан қыздың әрекетін өзін-өзі қорғау деп бағалап, «дұрыс істепті» деп пікір қалдырған. Журналист сондай-ақ қоғамда тараған «қыз сүйіктісінің тілін жаралады» деген ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

 

Ал оқиғаға байланысты жігіттің туыстары қыздың ата-анасынан кешірім сұрауға тырысып жүргені айтылды. Әлеуметтік желі қолданушылары да жағдайға белсенді пікір білдіріп, көпшілігі қызды қолдап, жігіттің әрекетін жауапсыздық әрі әдепсіздік деп сынауда.

 

Кейбір қолданушылар «жігіт осындай қылықтың кесірінен ауыр сабақ алды» деп жазса, енді бірі қыздың батылдығын атап өтті.

Барлық жаңалық