Жаңалықтар

Қызылордада су тапшылығы қаупі: Бозымбаев фермерлермен жаңа маусым тәуекелдерін талқылады

Қызылордада су тапшылығы қаупі: Бозымбаев фермерлермен жаңа маусым тәуекелдерін талқылады

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындықты талқылады. Кездесу барысында су тапшылығы мәселесі негізгі тақырыпқа айналды деп хабаплайды Оzgeris.info сайты ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтемемен.

 

Сырдария өзені бассейнінде қалыптасқан қазіргі жағдай алаңдатарлық. Нарын–Сырдария каскадына келіп жатқан су көлемі әдеттегіден төмен. Сарапшылардың айтуынша, бұл келесі жылы су тапшылығының туындау қаупін күшейтеді.Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігі бірнеше болжамдық сценарий әзірлеп, су аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөлу және лимиттерді реттеу мүмкіндіктерін қарастырды.

 

Су тапшылығына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі: Ылғалды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын қысқарту, Аз су қажет ететін дақылдарды көбейту, Егіс көлемдерін әртараптандыру жұмыстарын жалғастырады.

 

2026 жылы Қызылорда облысында күріш егістіктерінің аумағы 70 мың гектардан аспауы тиіс.Соған қарамастан, жаңа сорттардың енгізілуі мен техниканың жаңаруы есебінен өнімділік артуда:

 

2024 ж. – 85 мың га → 58 ц/га

2025 ж. – 80 мың га → 58,1 ц/га

 

Өңірде суды үнемдеу бағытындағы шаралар қарқынды: Лазерлік тегістеу жұмыстары суды 20%-ға дейін үнемдейді; Биыл 60 мың гектар күріш алқабы тегістелді; Бүкіл Қазақстан бойынша су үнемдеу технологиялары 500 мың га пайдалануда; 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,3 млн гектарға дейін жетуі тиіс.Үкімет бұл мақсатқа 215 млрд теңгеге дейін қаржы бөлуді көздеп отыр.

 

Қанат Бозымбаев фермерлерге ескерту жасай отырып:

 

«Жоғарыдан келетін су көлемі азаюы мүмкін. Ондай жағдайда су үнемдейтін технологиялар өсімдік шаруашылығында міндетті элементке айналуы тиіс», — деді.

 

Ол облыс әкімдігіне ғылыми ұйымдармен бірлесіп, инновациялық препараттарды сынақтан өткізу үшін кемінде 100 гектар жер бөлу және оны жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды тапсырды.

 

Фермерлерге су пайдалануды ашық көрсететін жаңа биллинг жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе: Өтініш беру, келісімшарт жасау, суды нақты есепке алу, төлем жасау сияқты барлық кезеңді бір цифрлық платформада біріктіреді. Жүйе суды бөлудегі ашықтықты арттырып, «қара су» нарығымен күресуге мүмкіндік береді.

 

Келесі маусымға дайындықтар тапсырылды: Облыс әкімдігі фермерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.«Қазсушар» лимиттерді қатаң сақтап, құқық қорғау органдарымен бірге заңсыз су саудасына қарсы әрекет етеді.Су ресурстары министрлігі 2026 жылғы лимиттерді 1 ақпанға дейін ұсынады.Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 наурызға дейін егіс құрылымын су көлеміне сәйкес түзетеді.

 

Барлық жаңалық