Қызылорда облысы

Қызылордада радикалды контент таратқан әйел 7 жылға сотталды

Қызылордада 39 жастағы тұрғын дінаралық араздықты өршітіп, терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел радикалды діни ағымның ықпалында болған және TikTok желісінде экстремистік мазмұндағы аудио мен бейнематериалдарды жариялап келген.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні облыстық ПД-ның Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК департаменті қызметкерлері ұстаған.

 

Тергеу кезінде оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру») және 256-бабы («Терроризмді насихаттау») бойынша айып тағылып, тиісті сараптамалар жүргізілген.

 

Сот үкіміне сәйкес, Қызылорда қалалық соты әйелді кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Барлық жаңалық