Жаңалықтар

Қызылордада көршісі баланың көзінше анасы мен әжесін пышақтап тастаған

Қызылордада көршісі баланың көзінше анасы мен әжесін пышақтап тастаған

Қызылордада көрші баланың көзінше анасы мен әжесін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды  Ozgeris.info.

8 қаңтар түні Қызылордада әйел мен оның 34 жастағы қызы пышақ жарақаттарынан мерт болды. Қайғылы жағдай түсірілген видео желіде тарады. Сондай-ақ балаға тиесілі болуы мүмкін делінген хат алмасу скриндары да жарияланды.

Онда бала досына қатты қорқып отырғанын, анасы мен әжесінің көз алдында өлтірілгенін жазған. 

Негізгі күдікті – марқұмның көршісі. Ол оқиға орнында ұсталды. Ал полицияны оқиға орнына көршілері шақырған екен.  Кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалық