Қызылорда облысы

Қызылордада ер адам ішіп, әкесін балағаттағандықтан түрмеден бір шықты

Қызылорда облысында ер адам мас күйінде әкесіне және туыстарына тіл тигізіп, дөрекілік танытқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

 

Оның ісі арнайы әкімшілік сотта қаралып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 2-бөлігіне сәйкес бағаланды.

 

Белгілі болғандай, азамат 2025 жылдың 30 маусымында да осындай әрекеті үшін қамауға алынған. Алайда ол содан сабақ алмай, бір жыл өтпей жатып қайтадан құқық бұзушылық жасаған.

 

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, алдағы уақытта мұндай қылыққа бармайтынын жеткізді. Дегенмен, судья оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Барлық жаңалық