Қызылорда облысында жаңа туған сәби медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағымен шұғыл түрде Қызылордаға жеткізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Арнайы санитарлық рейс «Қызылорда – Қазалы – Қызылорда» бағыты бойынша орындалған.
Бортта құтқарушылар мен медицина қызметкерлері болды. Мамандар сәби жол бойы қажетті медициналық бақылауда болғанын қамтамасыз етті.