Қазақстандық блогердің Қытайда түсірген пранк видеолары үлкен резонанс тудырды. Қытай халқы блогердің әрекетін заңсыз деп тауып, оны жауапқа тартуды талап етуде, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қытайда түсірілген видеолар неліктен дау туғызды?
Соңғы күндері қытайлық әлеуметтік желілер мен жаңалықтар порталдарында қазақстандық инфлюенсердің әрекеті қызу талқылануда. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, блогер Қытайда «ұрлық жоқ» деген сөзге сенбей, өзінше «тексеріп» көрмек болған. Ол Гуанчжоу мен Шанхайда жүріп, құрбысының қалтасынан байқатпай телефонын алып, оны өтіп бара жатқан қытай азаматының қолына ұстатады. Сосын досына телефоныңды «мына адам ұрлады» деп көрсетеді. Сонымен қатар, ер адамдарғ жанасып, қолынан ұстап, иығына сүйеніп, аяғына тиісіп, олардың реакциясын видеоға түсірген.
Қытай азаматтары наразылық білдіруде
Sohu.com, news.qq.com және Sina.com.cn сияқты ірі қытайлық медиа платформалар бұл әрекеттерді қоғамдық тәртіпке қайшы, қытайлықтардың мейірімділігін теріс пиғылда көрсету деп бағалады. Видеодағы қарапайым азаматтардың ар-намысы тапталды, Қытайдың халықаралық имиджіне кері әсер етті деп атаған.