Жаңалықтар

Қытай Қазақстанға 100 миллион юань көлемінде грант береді

Қытай Қазақстанға 100 миллион юань көлемінде грант бөлмек. Бұл сома қазіргі бағам бойынша шамамен 7,5 миллиард теңгені немесе 14 миллион АҚШ долларын құрайды. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, көпшілік талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Аталған құжат Қазақстан мен Қытай арасында бұған дейін жасалған келісімді бекітуді көздейді. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялаған.

 

Грант қаражаты негізінен Қазақстандағы аэроғарыш саласын дамытуға жұмсалады. Бұған қоса, келісім аясында екі ел арасындағы техникалық-экономикалық серіктестікті кеңейту және елімізге қосымша инвестиция тарту мәселелері қарастырылған.

 

Құжат жобасы 24 тамызға дейін ашық талқылауда болады.

Барлық жаңалық