Қоғам

«Қысқа юбка киіп, боянады»: Танымал блогер мектеп оқушыларын сынға алды

«Қысқа юбка киіп, боянады»: Танымал блогер мектеп оқушыларын сынға алды

Әлеуметтік желілерде діни бағыттағы контентімен танымал блогер Әлихан Тасмұхан мектеп оқушыларының тәртібі жайлы жазбасымен жұртшылық назарын аударды деп жазады Оzgeris.info. Оның айтуынша, білім ордаларында форма талаптары сақталмайды, қыздар «қысқа юбка киіп, боянса», ұлдардың арасында темекі тартатындар көбейген. Сондай-ақ блогер кейбір оқушылардың ЛГБТ тақырыбына қатысты «нейтралды көзқарас білдіргеніне» алаңдаушылық танытады.

 

Тасмұхан бұл мәселелердің туындауына ата-аналарды да кінәлап, «балаларға бағыт-бағдар берілмейді, артық еркіндік жасалған» деп пікір білдірді. Тіпті ол «мектептерді өзім барып тексергім келеді» деген ұсынысын да айтқан.

 

Алайда блогердің бұл сөзі көпшіліктің қолдауына ие болмады. Желі қолданушылары оның жазбасын асыра сілтеу, жастарды орынсыз айыптау деп бағалап, пікірлерін ашық жеткізді.Пікір қалдырғандардың арасында:

 

«Өз балаңды тәрбиелеп ал да, сосын басқаларға ақыл айт»,«Бүкіл оқушыны бірдей кінәлау дұрыс емес»,«Бұл дабыра көтерудің қажеті жоқ мәселе» дегендер көп болды.

 

Көпшілік Тасмұханның үндеуін «жастарды ұялту арқылы хайп жасауға тырысқан әрекет» деп бағалап, шынайы тәрбие айқаймен емес, үлгі көрсету арқылы қалыптасатынын еске салды.

Барлық жаңалық