Шоу-бизнес

"Қырыққа келіп бұтын ашып не болды?": Сахнаға қайта оралған Мақпал Исабекова сынға қалды (ВИДЕО)

"Қырыққа келіп бұтын ашып не болды?": Сахнаға қайта оралған Мақпал Исабекова сынға қалды (ВИДЕО)

Танымал әншілер Мақпал Исабекова мен Дильназ Ахмадиева жақында бір сахнада бас қосып, көпшілікке белгілі «Қимадың деп айтпа» әнін дуэтпен орындады. Бұл ерекше орындау тек тыңдармандардың ғана емес, сыншыл көпшіліктің де назарын өзіне аударды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Мақпал Исабекова концерттен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше жазба жариялап, сахна артындағы және грим бөлмесіндегі кадрлармен бөлісті. Әншілердің сахналық батыл образдары қызу талқыға түсті — желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

«Барлығы тамаша, бірақ ашық киінудің қажеті жоқ еді. Сіз – екі баланың анасысыз»,
«Денеңізді көрсетпесеңіз болмай ма?»
«Тұрмыстағы әйелге мұндай киім жараспайды»
«Маған ұнамайды. Менің пікірім: дауысы да, сұлулығы да, харизмасы да жоқ»
«Өте жағымсыз адам», – деп жазды кейбір оқырмандар.

Әнші болса, сындарға мән берместен сол образдағы тағы бірнеше суретті жариялап, астына қысқаша, бірақ мағыналы жазба қалдырды:

«Бұл көйлек Пандораның сандығын ашты».

Кейін Исабекова әзілмен:

«Менің сүйікті ұятмендерім, мен сіздерді қатты сағындым, декрет кезінде жетіспедіңіздер. Алысқа кетпеңіздер, мен сіздерді әлі “қуанта” беремін», – деп жазды.

Барлық жаңалық