Қоғам

Қыркүйекте азық-түлік бағасы 0,1%-ға арзандады

Қыркүйекте азық-түлік бағасы 0,1%-ға арзандады

Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады. Тамызда бұл көрсеткіш 9,8% болған. Бағаның өсу қарқынының төмендеуіне азық-түлік тауарларының арзандауы әсер етті,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, қыркүйекте азық-түлік бағасы бір айда 0,1%-ға төмендеген.

Вице-премьер инфляцияны тежеу халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған шаралардың бірі екенін атап өтті. Оның дерегінше, инфляцияның баяулауы аясында халықтың нақты ақшалай табысының өсімі 2026 жылдың екінші тоқсанында 0,7%-ға жеткен. Бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 0,1% болған.

Барлық жаңалық