Жаңалықтар

Қырғызстан президентін шатастырды: Пашинянның жаңсақ сөзі шенеунікті қызметінен айырды

Қырғызстан президентін шатастырды: Пашинянның жаңсақ сөзі шенеунікті қызметінен айырды

Арменияның Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы Гагик Ваноян Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Ереванға сапары кезінде болған хаттамалық қателіктен кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы «Жоховурд» газеті хабарлады.

Басылымның мәліметінше, COP-17 климаттық саммиті аясында баспасөз өкілдерімен кездескен кезде Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қырғызстан басшысын бірнеше рет қателесіп, «Қазақстан президенті» деп таныстырған.

Дереккөздердің хабарлауынша, қателік үкімет басшысына арнап дайындалған сөз мәтініндегі баспадан кеткен қатеге байланысты болған.

Ресми іс-шара аяқталған соң Пашинян болған жағдайға қатты наразылық білдірген. Осы оқиғадан кейін 2022 жылдың желтоқсанынан бері Мемлекеттік протокол қызметін басқарған Гагик Ваноянды қызметінен босату туралы шешім қабылданған.

Барлық жаңалық