Жаңалықтар
«Қылқындырып өлтіріп, қарға көмген»: Алматыда екі айдан аса іздеуде болған қыздың мәйіті табылды
05.02.2025
315
Алматыда екі айдан аса іздеуде болған бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Полицейлердің мәліметінше, оны жақын араласқан 19 жастағы жігіт қылқындырып өлтіріп, денесін айдалаға тастап кеткен.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, марқұмды бұрын несие алуға мәжбүрлегенін де айтқан. Оның сөзінше, Айша несие ақшасын қайтармайтынын айтып, ата-анасы мен полицияға шағымданатынын жеткізген. Сол сәтте күдікті оны пәтерде өлтірген.
Марқұмның қазасы Қырбалтабай ауылының жұртшылығын дүр сілкіндірді. Таң атысымен ауыл тұрғындары Айшаны ақтық сапарға шығарып салуға жиналды.
Марқұмның әпкесі Әсия Хамиттің айтуынша, күдікті жігіт оны алдымен тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін полиэтиленге орап, сөмкеге салған. Содан соң мәйітті Кеңсай зираты маңындағы саяжайлардың біріне апарып, қарға көміп тастаған.
Айша күдіктімен жазда TikTok желісі арқылы танысқан. Ол сырқат әпкесін емшіге көрсетпек болып, әлеуметтік желіде іздеу жүргізген. Сол кезде алаяққа тап болып, оның көмекшісі ретінде жүрген күдікті жігітпен сөйлесе бастаған.
Марқұмның нағашысы Табиғат Әлібектің айтуынша, 60 келідей болатын мәйітті жалғыз өзі тасымалдау күдіктінің қолынан келмейтінін ескерсек, бұл іске басқа да адамдардың қатысы болуы мүмкін деген күдік бар.
Айша аудандық мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Жанұясының негізгі асыраушысы да өзі болған.
«Бұрын-соңды ештеңеге тіркелмеген, жаман жүрісі жоқ. Бетінде ұяты бар, аузында иманы бар мықты қыз еді», – дейді марқұмның жеңгесі Мүлік Фатигүлқызы.
Қазір 19 жастағы күдікті қамауға алынды. Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр.
Марқұмның денесінде зорлық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталмақ. Ал қара жамылған отбасы қылмысқа қатысы бар өзге де адамдардың табылып, лайықты жазасын алуын талап етуде.
-
«Мерзімді созбау керек»: Премьер-министр монополистердің жұмысын сынға алды12:38, 11 тамыз 2026
-
Мемлекеттік қызметтер бірден көрсетіледі: Бектенов жаңа тапсырма берді12:35, 11 тамыз 2026
-
«Отбасы банкіндегі» былық: Бұрын үй алған адамдарға да қауіп төніп тұр ма?12:16, 11 тамыз 2026
-
-
-
Геннадий Головкин тағы бір жылы орынға жайғасуы мүмкін11:45, 11 тамыз 2026
-
-
Тұрсынбек пен тоқалы Қытайдағы тайфунның құрбаны бола жаздады11:12, 11 тамыз 2026
-
-
-
«Төсін сонша ашқаны несі»: Мадина Сәдуақасова жаппай сынға ұшырады (ВИДЕО)16:08, 10 тамыз 2026
-
«Қатыныма бизнес ашып бердім»: Тамара Асардың ұлы сүйіктісі туралы жазды (ВИДЕО)13:39, 10 тамыз 2026
-
«Мұңға батқан бір жапырағым»: Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелінің қиналып жүргенін айтты08:15, 11 тамыз 2026
-
«Бағасы удай қымбат»: Баян Мақсатқызы оқытылған тосап сатып жатыр08:00, 11 тамыз 2026
-
«Володяның екі некесінен туған балалар»: Дана Нұржігіт ұлының бауырлары туралы жазды15:47, 10 тамыз 2026
-
«Құр сүлдем ғана қалды»: Гүлзира Айдарбекова ауыр күйзеліске түскенін айтты14:12, 10 тамыз 2026
-
«Қате таңдау тағдырыңды өзгертеді»: Салтанат Бақаева астарлы жазба жариялады19:00, 10 тамыз 2026
-
Тұрсынбек пен тоқалы Қытайдағы тайфунның құрбаны бола жаздады11:12, 11 тамыз 2026
-
«Қан қысымым енді реттелді»: Роза Әлқожа үлкен даудан кейінгі жағдайын айтты02:30, 11 тамыз 2026
-
-
-
-
«Құран бағыштаудан басқа амалым жоқ»: Әнші Наркенже жоқтау жазба жариялады (ФОТО)17:30, 07 тамыз 2026
-
"Тағдырдың сыйы": Наркенже Серікбаева үшінші рет тұрмысқа шыға ма08:03, 04 тамыз 2026
-
-
«Екі анадан туғандар бауыр бола алмайды»: Айгүл күтпеген мәлімдеме жасады14:29, 05 тамыз 2026
-
«Жарыммен жолықтырған – осы кісі»: Мұхамеджан Тазабек Бекболатқа ағынан жарылды15:37, 07 тамыз 2026
-
"Туған анаммен араласпаймын": Қарақат Әбілдина жаға ұстатарлық жазба жариялады09:20, 04 тамыз 2026
-
"Бағдагүл мені танымаймын деді": Динара Сәтжан соттан кейін мәлімдеме жасады11:04, 05 тамыз 2026
-
«Подлецсің, қатынсың!»: Бекболат Тілеухан журналиспен шекісіп қалды (ВИДЕО)08:15, 07 тамыз 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026