Португалия құрамасы мен «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Лионель Мессиге қолдау білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Аргентина құрамасы сапындағы соңғы кездесуін өткізген Месси қоштасу матчында Бенинге қарсы ойнап, командасының 3:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Кездесуде аргентиналық жұлдыз пенальтиден гол соғып, тағы екі нәтижелі пас берді.
Ойыннан кейін Месси әлеуметтік желідегі жазбасын жариялаған. Осы жазбаның астына Роналду пікір қалдырып, аргентиналық футболшының ұлттық құрамадағы еңбегін атап өтті.
«Лео, сен еліңнің намысын қаншама жыл қорғадың. Бұл – мәңгілікке қалатын тарих. Аргентина құрамасымен жеткен жетістіктеріңнің бәрін құрметтеймін. Құшақтадым», – деп жазды Роналду.
Бұл пікір 4 миллионнан астам лайк пен 90 мыңға жуық пікір жинады. Екі футболшы ұзақ жылдар бойы әлемдік футболдағы басты жұлдыздар саналып, жанкүйерлер арасында өзара бәсекесімен ерекшеленді. Алайда бұл жолы Роналду Мессидің ұлттық құрамадағы жолына құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді.
Месси Аргентина сапында әлем чемпионы атанып, екі рет Америка кубогын жеңіп алды. Ұлттық құрамадағы мансабын 208 матч және 126 голмен аяқтады.