Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Ерлан Қарин "Әділет" партиясының қатарына өтті

Құрылтай сайлауы: Ерлан Қарин "Әділет" партиясының қатарына өтті

"Әділет" партиясының кезекті съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын үміткерлер тізімі бекітілді. Бұл қатарға Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерлан Қарин енді. Ол ресми түрде аталған саяси ұйымның мүшесі атанды. Енді қоғам қайраткері депутаттық мандат үшін бағын сынайды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жасақталған құжаттан елге танымал бірнеше азаматты байқауға болады. Олардың көшін "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастап тұр. Бұдан бөлек Бағдат Мусин мен Асхат Аймағамбетов те сайлау додасына осы ұйымның атынан қатысады. Үміткерлер қатарын басқа да бірқатар белсенді тұлғалар толықтырды.

Барлық жаңалық