Құрылтай депутаты Татьяна Савельева депутаттық мандатын мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Орталық сайлау комиссиясына депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түскен. Бұл мәселе бүгін, 7 қазанда, Құрылтай отырысында қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім бірауыздан қабылданды.
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.
«Құрметті Татьяна Михайловна, бүкіл депутаттық корпус атынан бірлескен жұмысыңыз үшін алғыс айтамын. Заң шығару қызметіне қосқан үлесіңіз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Жаңа жауапты қызметіңізде табыс пен жетістіктер тілейміз», – деді Айбек Дәдебай.
Татьяна Савельева 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты болды. Биыл жаздан бастап Құрылтайдың I шақырылым депутаты қызметін атқарды.