Қоғам

Құрбан айтта қазақстандықтар қанша күн демалады?

Құрбан айтта қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қазақстандықтар 27 мамыр күні Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27–29 мамыр аралығына сәйкес келеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Мерекенің алғашқы күні, яғни 27 мамыр – ресми демалыс күні болып бекітілген. Биыл бұл күн аптаның ортасы – сәрсенбіге түсіп отыр. Соған байланысты қазақстандықтар қосымша бір күн демалады.

Бес күндік жұмыс кестесі бойынша:
25–26 мамыр – жұмыс күндері
27 мамыр – Құрбан айтқа байланысты демалыс
28–29 мамыр – жұмыс күндері
30–31 мамыр – демалыс күндері

Ал алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін де 27 мамыр – мерекелік демалыс күні.

Барлық жаңалық