Шоу-бизнес

"Құдалар келіп, сырға салады": Тұрсынбектің қызы қобалжып жүргенін айтты (ВИДЕО)

"Құдалар келіп, сырға салады": Тұрсынбектің қызы қобалжып жүргенін айтты (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы әлі күнге дейін құлағының тесілмегенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Айтуынша бұл-әкесінің қалауы. 

"Менің әлі күнге дейін құлағым тесілмеген. Кішкентай кезімде папа келіп түсіндірген болатын қазақтарда "сырға салу" деген дәстүр бар екенін. Ертеде құдалар келіп, енді бұл біздің қыз деген ниетпен сырға салу дәстүрін жасап кеткен. Кішкентай кезінен бастап қызға сырға салу асап, атастырып қоятын да болған. Ал қазіргі таңда сырға салу дәстүрі заманауи түрде жалғасып келе жатыр. Құдалар келіп сырға салу жасап, өздерінің сырғасын салады. Өзіме де қызық болып тұр себебі өмірімде бірінші рет сол күні сырға тағатын боламын. Басында медициналық сырға тағамын. Бірақ кейін оны ауыстыруға болады. Құдалар жағы күшті сырға алып келеді деп үміттенемін", - деді ол. 

Барлық жаңалық