Шоу-бизнес

"Құдағи шошаңдап қалған": Жанболат пен Жазира құдаларымен қыдырды (ВИДЕО)

"Құдағи шошаңдап қалған": Жанболат пен Жазира құдаларымен қыдырды (ВИДЕО)

Жанболат Ербатыров құда-құдағиын көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Құдай қосқан құда-құдағиымызбен кешкі ас", - деп жазды әнші. 

Кадрлардан екі жақтан балаларымен Медеудің жанында қыдырып жүргенін байқауға болады. Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

"Құдағи шошаңдап қалған, Жазира өте ұқыпты жан", "Келіннің анасы өте әдемі, жастарға бақыт тілейміз", "Жанболат пен Жазира өте биязы", "Құдағи шошаңдап қалған екен ұят емес пе", "Ұзағынан сүйіндірсін", - деді олар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

"

Барлық жаңалық