Шоу-бизнес

Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға тосын ұсыныс жасап, әлеуметтік желіні шулатты

Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға тосын ұсыныс жасап, әлеуметтік желіні шулатты

Танымал спортшы Қуат Хамитов жақында өзінің алғашқы фильмін түсіретінін өзінің “Instagram” парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты Turkystan.kz сайтына сілтемемен.

 

Спортшының айтуынша, бұл жоба — оның көптен бергі арманы екен.

 

«Сценарийді өзім жаздым, актерлерді де өзім таңдаймын. Барлық шығынды өз қалтамнан өтеймін. Бұл мен үшін жай ғана тәжірибе емес — қазақ киносына жаңа тыныс беретін туынды болмақ», – деп жазды Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Пост астына пікір қалдырған желі қолданушылары оны құттықтап,оған танымал волейболшы Сабина Алтынбекованы басты рөлге шақыруды ұсынған.

 

«Керемет идея! Сабина, қалай қарайсың?» – деп жауап қатқан Қуат Хамитов, алайда спортшы қыз әзірге үн қатпаған.

 

 

Қуат Хамитовтың айтуынша, түсірілім жұмыстары келесі жылы басталмақ.

Барлық жаңалық