Шоу-бизнес

«Қуанышымда шек жоқ»: Төреғали Төреәлінің қарындасы жаңа қонысын көрсетті

«Қуанышымда шек жоқ»: Төреғали Төреәлінің қарындасы жаңа қонысын көрсетті

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.

 

Ол көрінісі ерекше жаңа пәтерге көшіп кіргенін айтып, әсерін жазбасында жеткізді. Фаризаның айтуынша, пәтер терезесінен Босфор бұғазы көрінеді.

 

«Ояна сала Босфорға қарайсың. Сол сәтте-ақ шабытың артып, Алланың саған берген миссиясын атқаруға, білім алуға, өмірді сезінуге күш келеді. Алланың бізге деген мейірімі шексіз», – деп жазды ол.

 

Сондай-ақ Фариза Төреәлі бұл кезеңді өміріндегі ең әдемі сәттердің бірі деп атап, Аллаға шүкіршілік білдірген.

Барлық жаңалық