Қоғам

ҚТЖ қызметкерлеріне конституциялық өзгерістер таныстырылды

ҚТЖ қызметкерлеріне конституциялық өзгерістер таныстырылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бөлімшелері мен филиалдарында жаңа Конституция жобасын түсіндіру және республикалық референдумға дайындық бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Кезекті кездесу өңірлік филиалдар онлайн қосылған аралас форматта «КТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де өтті. Қатысушыларға мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған конституциялық реформаның негізгі қағидалары таныстырылды.

Кәсіпорын қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, көлік-логистика саласының дамуы үшін тұрақты құқықтық ортаның маңызын атап өтті.

Ақпараттық жұмыстар компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде жалғасын табады.

Барлық жаңалық