Спорт

Қостанайлық «Дала Қырандары» қыраны Айдос Үсенов халықаралық турнирде күміс еншіледі

Қытайдың Харбин қаласында 5–10 желтоқсан аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше және бақылаушы мемлекеттердің 2007–2008 жылы туған жас боксшылары арасында халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеге Қытайдың әр провинциясынан жасақталған құрамалар, сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Моңғолия спортшылары қатысты деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Қазақстан құрамасы атынан сынға түскен МОО «Дала Қырандары» қозғалысының мүшесі, қостанайлық жас боксшы Айдос Үсенов 54 келі салмақ дәрежесінде үш жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалға сенімді түрде өтті.

 

Алайда шешуші кездесуде белорусиялық қарсыласына төрешілердің даулы 3:2 есебі бойынша жол беріп, күміс медаль иеленді.

 

Айдостың турнирдегі ерекше табандылығы мен жігері бағаланып, ол «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы марапатпен де атап өтілді.

Барлық жаңалық