Жаңалықтар

Қостанайда кәсіпорын басшысы қызметкерлерінің жалақысын бермеген

Қостанайда кәсіпорын басшысы қызметкерлерінің жалақысын бермеген

Қостанай ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында "Қазақ тұлпары" ЖШС қызметкерлеріне жалақы төлемеу фактілері анықталды, деп жазады ozgeris.info

Осыған байланысты аудан прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында облыстық Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің департаментіне талап жолдады.

Прокуратура тексерісінен соң кәсіпорын басшысы 314 560 теңге көлемінде айыппұл арқалады.  

Тексеру нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері расталып, департамент жұмыс берушіге 39 қызметкер алдындағы 21,7 млн теңге мөлшеріндегі жалақы қарызын өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама енгізді.

Барлық жаңалық