Қоғам

Қостанайда жол жиегінен 35 жастағы әйелдің денесі табылды

Қостанайда жол жиегінен 35 жастағы әйелдің денесі табылды

Қостанайда жол-көлік оқиғасынан 35 жастағы әйел көз жұмды. Оны қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қайғылы оқиға 12 қазанда белгілі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесі жол жиегінен табылған. Оны таңертең жолмен өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, тиісті қызметтерге хабарлаған. Қаза тапқан әйелдің Лисаковск қаласының тұрғыны екені анықталды. 

Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері «Ұстау» жоспарын жариялады. Бірнеше сағаттан соң күдікке ілінген 42 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Белгілі болғандай, әйелді ақ түсті кроссовер көлігі қағып кеткен. Соққы салдарынан көліктің бамперінің бір бөлігі сынып қалған.

Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

Барлық жаңалық