Қостанай облысында рейстік автобус жолда сынып қалып, жолаушыларға құтқарушылар көмек көрсетті. Оқиға Лисаковск қаласынан 11 шақырым жерде болған. Ресей бағытына бет алған автобус техникалық ақауға байланысты әрі қарай қозғала алмай қалған деп хабарлайды Оzgeris.info.
Салонда 28 жолаушы, оның ішінде екі бала болған. Суық ауа райына байланысты адамдардың үсіп қалу қаупі туындаған. Құтқарушылар жолаушыларды жедел эвакуациялап, арнайы жылыту пунктіне орналастырды.
Абырой болғанда, ешкімге медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдай қызметі жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын мұқият тексеру қажеттігін ескертті.