Қоғам

Қосшыда жол жиегінен пакетке оралған сәбидің мәйіті табылды

Қосшыда жол жиегінен пакетке оралған сәбидің мәйіті табылды

Ақмола облысының Полиция департаменті Қосшы қаласындағы жол жиегінен шала туған нәрестенің мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Жергілікті пабликтерде таралған мәліметтерге сүйенсек, жеке тұрғын үй секторы аумағындағы жол шетінде қалдырылған пакеттің ішінен табылған сәби құрсақта 6-7 ай шамасында жетілген болуы мүмкін. Оның өлі туғаны немесе жарық дүниеге келгеннен кейін шетінегені әзірге нақтыланбады.

Аталған дерекке қатысты Ақмола облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар оқиғаның толық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Барлық жаңалық