Шоу-бизнес

"Қош келдің, қызым": Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиін дүниеге әкелді (ФОТО)

 "Қош келдің, қызым": Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиін дүниеге әкелді (ФОТО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Екі ұлдан кейін қыз бала өмірге келді.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

 Перзентханадан суреттерін жариялаған. Әпкесі Фариза Төреәлі мен анасы арнайы құттықтауға барған.

"Күн сәулесі төгіліп келбетіңе,

Құрсағында анаңның тербетіле.

Толғағы жоқ әкеңді толғандырып,

Қызым менің қош келдің жер бетіне", - деп жазды Дина Төреәлі.

Желі қолданушылары блогерді ана атануымен құттықтап, тілектерін білдірді.

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Ғұмыры ұзақ болсын", "Тәтті қыз дүниеге келіпті ғой", - деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық