ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Жалпыұлттық аза тұту күні үндеу жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол қаза тапқан жауынгерлердің жақындарына көңіл айтып, Қорғаныс министрлігі жауапкершіліктен жалтармайтынын атап өтті.
«Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз».
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады.