Алматы облысы

Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды

Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды

11-нен 12 желтоқсанға қараған түні Қонаев қаласында соққан қатты жел салдарынан бірқатар тұрғын үйлердің шатырлары мен инфрақұрылым нысандарына зақым келді. Бұл туралы Оzgeris.info сайты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.

 

Әкімдіктің мәліметінше, төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, атап айтқанда «Азаматтық қорғау туралы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарға сәйкес қабылданған.

 

«11 желтоқсаннан бастап қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Қонаевтағы жағдай тұрақты. Электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – делінген ресми хабарламада.

 

Жауапты қызметтер келтірілген шығынды бағалап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барлық жаңалық