Жаңалықтар
«Қолын шауып тастаған»: Қызылордада 20 жыл құлдықта болдық деген отбасы адам сенгісіз деректерді айтты
04.02.2025
428
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат ауылында тұратын бүтін бір отбасы 20 жыл құлдықта болғанын айтып, жанайқайын бөлісті. Олар сол өңірге белгілі кәсіпкерден жылдар бойы қорлық көріп келгенін жеткізген, деп хабарлайды 24kz.
Қожагелді Жалғасбаев осыдан 20 жыл бұрын қазақстандық кәсіпкер "жұмыс тауып беремін" деген уәдемен отбасымен бірге шекарадан алып өткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, содан бері көрген күні адам айтса сенгісіз. 20 жылдан бері айдалада малын баққызып, қолыма көк тиын да ұстатпады, дейді ол. Жалғыз өзін ғана емес, жолдасы мен бала-шағасын да қара жұмысқа жеккенін айтады.
"Шекарадан өздері алып өтті мені. Осы жаққа әкеп, мал бақтырып қойды. Сол 20 жыл болды ғой. Мал баққаныма бұл жерге. Ана адамға да, мына адамға да айтам. Құдай айдап, мына ініме айттым. Осы кісілермен кетіп қалдым, қашып кеттім мен. Бала-шағам қалды ана жақта", - дейді Қожагелді Жалғасбаев.
Айдалада мал бағып жүрген жерінен Қазалы қаласының тұрғыны үйіне әкеліп, ас ауқатын беріп, киім-кешекпен қамтамасыз еткен.
"Қанша азап көріп келе жатырмын ғой мен. Ұрып-соғады. Айдалада жатам жаздай. Бала-шаға әр жерде жүр. Әйелім бір жақта жүр. Балалар соның жұмысында жүр. Баламның қолын мына жерден шауып тастаған. Балаларды да ұрып-соғады. Үш балам да оқымайды. Мектепке бармаған. Өтірік анықтама алады екен бұлар, оқып жатыр деген. Сауатсыз үшеуі де", - дейді Қожагелді Жалғасбаев.
Сөзінше, үш баласы да құлдықта жүрген жылдары өмірге келген.
"Екі баламды мына лашықта өмірге әкелдім", - дейді Қожагелдінің келіншегі Шолпан.
"Бұл балаларымды көрген де жоқпын. Сол жаққа алып кетеді, бір өзім жүрдім малдың басында. "Ананы, мынаны істемедің", - дейді. Қорасы тазаланбай қалады, маған айтады: "Қора тазаланбады, неғып отырсың. Үлкен ұлды тыр жалаңаш қойды далаға, күн суықта. Үстіне суды құйып-құйып", - дейді", - деп бөлісті Шолпан Жалғасбаева.
Естіген адамның төбе құйқасын шымырлататын оқиға туралы екі апта бұрын белгілі болған.
Аталған жайтқа аудандық полиция бөлімінің өкілі пікір білдірді.
"Бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша полиция тергеп-тексеру бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деді Қазалы АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қуандық Оразов.
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
20 жас - 6,67 млн теңге: БЖЗҚ жариялаған шек жұртты шошытты12:46, 06 маусым 2026
-
“Тұрсынбек алып беруге жарамаған”: Мөлдір Мұқанова көлікті болды11:48, 06 маусым 2026
-
Президент Швеция Короліне жеделхат жолдады11:39, 06 маусым 2026
-
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады10:16, 06 маусым 2026
-
Қызылорда облысында қыз баланың өлі денесі табылды09:03, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
“Тұрсынбек алып беруге жарамаған”: Мөлдір Мұқанова көлікті болды11:48, 06 маусым 2026
-
Қызылорда облысында қыз баланың өлі денесі табылды09:03, 06 маусым 2026
-
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады10:16, 06 маусым 2026
-
Президент Швеция Короліне жеделхат жолдады11:39, 06 маусым 2026
-
20 жас - 6,67 млн теңге: БЖЗҚ жариялаған шек жұртты шошытты12:46, 06 маусым 2026
-
-
-
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-