Telegram-дағы QirSabyn (Кір сабын) арнасының ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр, - деп хабарлайды ozgeris.info.
"Бұл дерек бойынша ҰҚК Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Бопсалау) бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында.QirSabyn - Қазақстанның саясаткерлері, блогерлері мен атақты адамдары туралы жеке ақпаратты жариялаған аноним Telegram арна.