Жаңалықтар

«Қазспецэкспорт» лауазымдылары миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

«Қазспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірқатар қызметкерлері құрықталды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Ведомствоның мәліметінше, Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген шара барысында аталған кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен оларға тиесілі компаниялардың басшылары ұсталған.

 

Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында әскери және әскери-техникалық тауарларды сатып алу кезінде бағаларды негізсіз көтеру арқылы бюджеттен шамамен бір миллиард теңге қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

 

Агенттік, сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық