Қоғам

«Қазақтар неге тамаққа тоймайды»: Айгүл Иманбаева қонақ күту туралы айтты

«Қазақтар неге тамаққа тоймайды»: Айгүл Иманбаева қонақ күту туралы айтты

Шетелде оқып келген Айгүл Иманбаева өз байқағанынан жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол қазақтардың тамаққа деген көзқарасы туралы сөз қозғады. 

"Лондонда жүргенде британдықтардың тамақты оңай қоқысқа лақтыра салғанын көріп, ойға қалғаным бар. Олардың мәдениетінде бұл норма шығар... Өйткені Ұлыбритания тарихында құлдық пен жаппай ашаршылықты көрмеген мемлекеттің бірі. Оларда «ертең тамақ болмай қалса ше?» деген қорқыныш атымен жоқ.

Ал біздің жағдайымыз мүлде басқа. Ата-бабамыз бастан кешкен ашаршылық біздің генетикалық жадымызда өшпес із қалдырды. Бүгінгі біздің қонақ шақырсақ дастарханды мол дайындайтынымыз тойынғандықтан емес, сонау заманнан қалған қорқыныш пен «ертеңгі күнге» деген алаңдаушылықтан деп ойлаймын.

Бабаларымыздың әрбір ұрттам суы мен бір үзім наны қан мен термен, көз жасымен келген. Содан да болар, біз үшін нанның әр түйірі қасиетті", деді ол. 

Барлық жаңалық